Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді
Фото: gov.kz

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 пайызы" (World’s Top 2 percent Scientists) рейтингіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Elsevier ғылыми баспасының кейінгі мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары тізімге енгізген. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және былтырғы дәйексөзі алынады. 

Сәрсенбек Монтаев кейінгі жылдары БҚАТУ-ға жұмыс келді, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Ол - құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы.

Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек