Банкке пышақпен кіріп, жұртты шошытқан ақтаулықтың видеосы жарияланды

Ақтауда ер адам банкоматтан ақша алып тұрған адамдарға пышақпен қоқан-лоқы көрсетпек болған. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтау қалалық полиция басқармасы өкілдерінің сөзінше, жедел іздестіру барысында 43 жастағы ер адам ұсталған. 

Видеода ер адам банкоматтан ақша алуға кезекте тұрғандарға және банк қызметкеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткенін көруге болады. Ер адамды банк клиеттері ұстаған. 

Ақтаудағы полиция басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 16 қаңтарда болған. 

"Ер адам мас күйде банк клиенттері мен қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсетіп қорқытқан. Жедел іздестіру шаралары барысында 43 жастағы ер адам ұсталды. Бүгінде күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!