Қарағандыда әйелі қамауда отырған күйеуіне телефонды ерекше әдіспен кіргізіп бермек болған

Қарағандыда қамауда отырған күйеуімен кездесуге келген әйелі телефон жасырып кірмек болған. Әйел адам барлық тексерістен өтіп үлгергеннен кейін ұсталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.  

Telegram-арна мәліметінше, әйел адам телефонды басына таққан әшекейге (ободок-еск.) тығып кірмек болған.  

"Ол барлық тексерістен өтіп үлгерген. Оны тексеріп, тыйым салынған зат табылмады. Әйел адам тексеру бөлмесінен шығуға асықты. Ол бөлмеден шыға бергенде бақылаушы әйел адамның басындағы әшекейді көріп, күдіктенді. Қасындағы қызметкерге әйелдің басындағы әшекейді де тексеру керегін ымдап жеткізген", - делінген жазбада. 

Әйел адамның әшекейінен Nokia ұялы телефоны шыққан. Изолятор қызметкерлері телефонды тәркілеп, әйел адамға қатысты хаттама толтырды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!