Экшн-камераға түсірілген. ТЖМ ерекше видео жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Тараз қаласы №1 Өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Шухрат Мұртаевтың экшн-камерасына түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, өрт 20 қаңтарда "Ақсай" базарының шатыры мен 2-қабаттағы бутигінде болған. Өрт аумағы 1050 шаршы метр алаңда (жалпы ауданы 2150 шаршы метр). Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 64 өртсөндіруші мен 17 техника жұмыс істеді.

Кадрларда құтқарушылардың күрделі жұмысы көрінеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!