Шымбұлақта өрт шықты

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, өрт Алматыда 29 қаңтарда сағат 05:30-да шыққан. 

"Медеу ауданы, "Шымбұлақ" ТШК-да, 3 қабатты "Облака" рестобарында 800 шаршы метр аумақта өрт шықты. (теңіз деңгейінен 3200 м биіктікте). Арнайы өрт сөндіру техникасы кіретін жолдардың болмауына байланысты өрт сөндіру ішкі өрт крандары арқылы жүргізіліп жатыр. Сағат 08:05-те өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Шымбұлақ - Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан Іле Алатауы жотасындағы (теңіз деңгейінен 2260 метр биіктіктегі базалық платформа) тау-шаңғы курорты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!