Алматыда және тағы 4 қалада ауа ластанады

Алматыда және тағы 4 қалада ауа ластанады
Фото: Әлихан Сариев

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 28 қаңтарда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республикамыздың ауа бассейнінің жай-күйі бюллетеніндегі деректерге сәйкес, Алматыда, Атырауда, Ақтөбеде, Жезқазғанда және Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатыны болжанады. 

Алматыда 28 қаңтарда, 29 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, қала бойынша ауаның ластануының жоғары деңгейі күтіледі.

Ақтөбеде 28 қаңтарда, 29 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына ықпал етеді. Қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады.

Атырау, Жезқазған, Шымкентте метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, жалпы қалалар бойынша ауаның ластану деңгейі нашарлайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан