Қаңтардағы ҰБТ: қазірге дейін талапкерлердің 22 пайызы шекті балл жинай алмаған

Қаңтардағы ҰБТ: қазірге дейін талапкерлердің 22 пайызы шекті балл жинай алмаған
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 57 мың адам тест тапсырды. Ұлттық тест орталығы тестің аралық қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталықтың мәліметінше, талапкерлердің 78%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл - 70 балл. 

Ереже бұзғаны үшін 93 адамның нәтижесі жойылған. Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 36 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылды. Ал өзгенің орнына кіру дерегі анықталмаған.

Талапкерлердің басым бөлігі, яғни 19%-ы математика-физика және 18%-ы биология-химия пәндер комбинациясын таңдаған. Сонымен бірге IT бағыттарына түсуге қажетті жаңа математика-информатика комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 9%-ы тапсырған.

Қаңтардағы ҰБТ 10 ақпанға дейін өтеді. Қорытынды мәліметтер сол уақытта жарияланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан