Есірткі жеткізумен айналысатындарды ұрып-соққан видео тарады: ІІМ жауап берді

Есірткі жеткізумен айналысатындарды ұрып-соққан видео тарады: ІІМ жауап берді
Фото: видео скрині

ІІМ есірткі қойып кетушілерді ұрып-соғу туралы видеоға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Telegram-каналдың бірінде есірткіні жасырын тығып кетушілерді жазалап жатқан видео жүктелген. Есірткі таратушылар сату үшін алынған есірткіні жасырған немесе жоғалтып алған. Видеода есірткі жасырып кетушілерге күш қолданып жатқаны көрсетілген.

Ішкі істер министрлігі видеодағы ұрып-соғу оқиғалары әр уақытта, елдің әр өңірінде болғанын хабарлады.

"Қылмыскерлер есірткіні қандай да бір себептермен таратпаған "жасырын тығып кетушілер" туралы ақпарат (төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы) орналастырылатын жабық телеграм-чаттар құрады. Оларға күш қолданып, соққыға жыққаны үшін сыйақы – ақшалай сома немесе есірткі беріледі. Күш қолданып, соққыға жыққан сәттің видеолары қорқыту үшін осындай жабық чаттарға жіберіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мұндай фактілерді полиция әлеуметтік желілердің мониторингі барысында үнемі анықтап отырады. Мұндай жағдайларда полиция жәбірленушінің жеке басын анықтайды, сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғайды, қылмыстың ықтимал қатысушыларын анықтау бойынша өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады. Telegram-чат иелерін анықтау жұмыстары жүргізеді.

"Осы ретте мұндай чаттардың жұмысын тоқтатуда белгілі бір қиындықтар бар: чатқа кірудің жабық форматы, арналарды кодтау, сонымен бірге негізгі аккаунт жойылғаннан кейін іске қосылатын клиенттер мен жасырын тығып кетушілердің базалары бар "айна" деп аталатын арналардың құрылуы. Ішкі істер министрлігі азаматтарды интернет-ресурстарда күмәнді ақпаратты таратуға қатыспауға, өздерінің дербес деректерін әлеуметтік желілер арқылы таратпауға үндейді. Ата-аналарға балаларының смартфондарындағы тұрғылықты жері, төлқұжат деректері, күнделікті қозғалыс маршруттары туралы ақпаратты қамтитын фотосуреттер мен видеоларға назар аудару ұсынылады. Телефондағы бұл деректер жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынын көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және өңдеу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын хабарлаймыз", - делінген ІІМ жауабында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан