Тарбағатай тауында Қызыл кітапқа енген арқарлар видеоға түсіп қалды

Тарбағатай тауында Қызыл кітапқа енген арқарлар видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

"Тарбағатай" ұлттық паркі Қызыл кітапқа енген арқарлардың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парк мәліметінше, жылдың кез келген уақытында жабайы жануарларды көруге мүмкіндік болады.

"Күзет іс-шаралары арқасында арқарлар адамдарға мән бермейді, тек кейде олар "қонақтарды" қашықтан тыныш бақылайды. 2023 жылы қар шамадан көп жауғандықтан, арқарлардың азықтары өте аз, бірақ таулы тұяқтылар бұған қарамастан өздерін жақсы сезінеді, арқарлардың саны өсіп жатыр. Бұл - қуантарлық жағдай", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tarbagatai National Park (@tarbagatai_2018)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова