"Ғашық болып қалған сияқтымын": Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты болашақ жоспарларын айтты. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ғашық болып қалған сияқтымын. Мен қиын адаммын. Әлі түсінуім керек. Кіші інім Рауан ұзату тойында баламмен бірге кірді. Даниял да гүлмен кірді. Балама қарап, келесі күйеу жігіт сол екенін, келесі той Даниялдікі екенін түсіндім. "Балам, сенің тойыңнан алдында тұрмысқа шықсам бола ма?" дедім. Өйткені одан кейін істей алмаймын. Тағдырым қалай боларын білмеймін. Бірақ некем болса, ол заңды болуы керек және оны жариялау қажет", - деді тележүргізуші.

Тимур Балымбетов одан армандар картасында тұрмысқа шығуға қатысты бөлік бар-жоғын сұрады.

"Әрине", - деп жауап берді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!