Танымал әнші тренд түсіремін деп сынға қалды

Танымал әнші тренд түсіремін деп сынға қалды
Фото: Instagram

Танымал әнші Шахизада Желіде хит болған трендті түсіремін сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, өзін актер ретінде де көргісі келген.

"Әнші болған соң жан-жақты болуың керек! Актерлік шеберлігімді байқап көрейін деп осы бір дүниені жасадық! Жануарлардың өзіне тән мінезі болады, қарап отырсам пантераның мінезіне менің мінезім келетін сияқты. Пантерамен үйлесімділік бізден көре алдыңыздар ма? Жалпы, менен актриса шыға ма екен? Кинодан көріп жүрсеңіздер, таңғалмағайсыздар", - деп жазған ол Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіге бұл образ жарасқанын айтқан.

"Мен танысы емеспін, жақсы көретін әншім. Несі бар, жарасып тұр, әдемі", "Өнер адамы болған соң жан-жақты болы керек қой енді", - деген Желідегілер.

Сондай-ақ, әншінің бұл қылығын сынағандар да табылған.

"Жасыңа жарасатын тірлік жасамай", "Бояушы, бояушы десе сақалын бояпты демекші", "Әніңіз, өнеріңіз, сұлулығыңыз бәрі жақсы. Бірақ мына тренд шыққан сайын ыңғайсызданып кетемін. Басқа жаңа қазақи тренд жасауға болмай ма?", "Кім болсаңыз да жасыңызға сай іс-әрекет емес", - деп жазған пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова