Ақботанұр Сейтмағанбет жұртты алаңдатқан сұраққа жауап берді

Ақботанұр Сейтмағанбет жұртты алаңдатқан сұраққа жауап берді
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Абайқызы оқырмандары жиі қоятын сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. Өнер иесі қасиетті мекенге қиындықпен жеткенін айтты. 

"Қасиетті мекенге алғашқы келуім сынақтардан басталды. Тіпті өте қатты сыналдым, бірақ төздім... Бұл сапар Ақботаны тағы да өсірді, шыңдады", - дейді актриса. 

Әнші жиі қоятын сұраққа, оқырмандардың сынына жауап берді. 

"Мекке-Мәдинаға қадам басқан әрбір әйел заты әурет жерлерін жауып журуге тиіс. Екі жақта екі әлем сынды... Мұнда шынайы ықыласпен құлшылық жасап жүрген жандар, әлеуметтік желінің арғы жағында сынап, мінеп сұрақтың астына алған жандар! "Орамалға келсем міндетті түрде өзім хабарлаймын". Артық сөз, артық сұрақ үшін өздеріңіз сұралатындарыңызды ұмытпаңыздар! Сол себепті жеке басқа өтпейік, достар!" - деп жазған ол. 

Айта кетейік, Ақботанұр Сейтмағанбет - әнші, актриса, "КешYou" тобының экс-солисі. Оның "Қайда, қайда", "Өзіңмен бірге", "Аяла", "Жүрекпен сағынайық" әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек