Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбадан кейін ұсталды

Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбадан кейін ұсталды

Есірткіні жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан Талдықорған тұрғыны ұсталды. Ол мұндай жарнама түрімен айналысып жүргені әлеуметтік желідегі жазбадан кейін анықталған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғандық блогер Сандуғаш Дүйсенова инстаграмдағы angry_talduk парақшасында жүргізуші-курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Белгісіз жұмыс беруші курьер немесе жүргізуші ретінде әр шақырым үшін ақы төленетін "әлсіз есірткілерді" тасымалдау және жасырын қою жұмысын ұсынды.

Ақпарат бойынша полицейлер жедел іс-шараларға кіріскен. Біраз уақыттан кейін "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің жауынгерлері Талдықорған тұрғынын ұстады. Күдікті курьерлер мен есірткі ұстаушыларды іріктеуді ұйымдастырды. Синтетикалық есірткілерді жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан.

Ол қылмыстық әрекетін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тіркелмеген телефон SIM-карталары арқылы жүзеге асырған. Олардың әрқайсысын тек бірнеше рет қолданып отырған.

Күдікті тәулігіне орташа есеппен Қазақстанның барлық аумағы бойынша "курьерлерді", "тасымалдаушыларды", түрлі жұмысшыларды, "өлшеп-ораушыларды", "буып-түюшілерді" жалдау туралы 30-дан 50-ге дейін хабарландыру таратып, күніне 10-ға дейін SIM-картаны іске қосып отырған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов түсіндіргендей, ұсталған адамның үйін тінту барысында байланыс операторларының мыңға жуық SIM-картасы, үш телефон және компьютер процессоры алынды. Ол SIM-карталарын жақын маңдағы сауда орталықтарындағы ұялы байланыс бөлімшелерінен сатып алып отырғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша жаза мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина