Маңғыстау облысында 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үшемді дүниеге әкелді

Маңғыстау облысында 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үшемді дүниеге әкелді
Фото: видео скрині

Маңғыстау облысында 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үш сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Гүлдана Сахи 7 жыл бойы бала көтере алмаған. Сөйтіп "Аңсаған сәби" мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, Ясмина, Алина, Адина есімді үш қыздың анасы атанып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың жағдайы бірқалыпты әрі тұрақты. 

"Балалардың жағдайы жақсы. Өзімнің де жағдайым жақсы. Барлығы жақсы қарап, көмектесіп жатыр. Үшем болады деп ойлаған жоқпыз. Біз бірінші егіз деп ойладық. 12 аптаға барған кезде үшем екенін білдік. Қазір қызкеліншектерге айтарым: Алла беріп тұрған кезде босанып алуы керек деп есептеймін", - дейді Гүлдана Сахи.

Қазақстан бойынша егіздер мен үшемдер дүниеге келетін өңірлердің ішінде Маңғыстау облысы көш бастайды. Былтыр өңірде екі үшем мен 177 егіз дүниеге келген.

"Нәрестелердің күні жетпей туды, бірақ дәрігерлердің арқасында балалардың да, анасының да жағдайы жақсы. Жақын арада үйіне шығару жоспарланып отыр. Осы қаңтар айында 600-ден аса бала дүниеге келді. Оның ішінде 10-ы – егіз", - деді Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинатал орталығы директорының орынбасары Ақшолпан Асубайқызы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан