Астаналық жүргізуші 8 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Астаналық жүргізуші 8 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: t-l.ru

Астанада жүргізуші 8 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға кеше, 2023 жылғы 25 қаңтарда сағат 12:10-да болған.

"38 жастағы жүргізуші "Ауди" маркалы автокөлігін айдап келе жатып, Қосалқы көшесімен Аманат көшесіне қарай бұрылғанда 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып, кварталаралық жолмен қашып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші қыздың өздігінен тұрғанына көз жеткізіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Осы уақытта астана тұрғыны болған оқиғаға бей-жай қарамай, қызды медицина орталығына апарған, онда оған қажетті көмек беріліп, ата-анасына хабар берілген. Апат салдарынан бала дене жарақатын алды, - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер іздестіру іс-шаралары кезінде астананың 38 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазір жүргізушіден осы факті бойынша жауап алынып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан