Министр бала саудасымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Министр бала саудасымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлік бала саудасы мәселесін қалай шешетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер министрден Денсаулық сақтау министрлігі бала саудасы мәселесін шешуге неге шара қолданбай жатқанын сұрады.

"Мұндай жағдайлар бізде, шамамен, бес жыл бұрын болған. Кейін барлық перинаталдық орталық пен перзентханаға бейнебақылау орнаттық, баладан бас тартқан аналармен жұмыс істейтін психологтарды қабылдадық. Осындай мақсатты жұмыстар жүргіздік. Егжей-тегжейін білмеймін, БАҚ мәліметінше, әйел өзі туған баласымен бірге шығарылған, ал бұл жағдайдың барлығы жалдамалы пәтерде болған", - деп жауап берді министр.

Ғинияттың айтуынша, барлық перзентханада бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, басшылар перзентханада не болып жатқанын бақылайды.

"Егер жақсы босанса, оларды ұзақ ұстамайды, стандарт бойынша үш-төрт. Осындай оқиға болғандықтан,  бүкіл ел бойынша барлық медицина қызметкерімен жұмыс жүргіземіз, - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, Таразда екі медицина қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді. 39 жастағы әйел жаңа туған қызды 1,5 миллион теңгеге сатып алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек