Құтқарушылар қолы еттартқышта шайналып кеткен ер адамды құтқарды

ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары еттартқышқа қолын тығып алған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 26 қаңтарда болған. 1981 жылы туған ер адам котлет өндіретін цехте жұмыс істейді. Ол тартылған ет (фарш-еск.) жасау үшін еттартқышты қолданған. Ет салған кезде оның қолы тартылып кеткен. Құрылғы үздіксіз жұмыс істеп тұрғандықтан, қолын шығаруына мүмкіндігі болмаған. 

7 құтқарушы хабарлама түскеннен кейін дереу цехқа жол тартқан. Құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын шығаруға кіріскен.

"Құтқару қызметімен, РЖҚЖ құтқарушыларымен бірге қолды алу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар, РЖҚЖ психолог-құтқарушысы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін жәбірленуші жедел жәрдем қызметіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!