Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болып тағайындалды

Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болып тағайындалды

Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Әшімбаевты сайлауға 50 депутат дауыс берді, қарсы дауыс болмаған. Қалыс қалғандар жоқ.

Ал Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев бұған дейін Сенат Төрағасы қызметін 2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін атқарған еді. Президент Сенат спикерінің кандидатурасын ұсынады. Содан кейін Парламенттің жоғары палатасының депутаттары жасырын дауыс береді және ұсынылған кандидатураны мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова