Шымкентте автобус жолақысы қымбаттайды

Шымкентте автобус жолақысы қымбаттайды
Фото: pixabay.com

Шымкентте автобус жолақысы 70 теңгеден 90 теңгеге көтеріледі. Бұған жанармай, автокөлік бөлшектері мен техникалық тексерудің қымбаттауы себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін, 25 қаңтарда Шымкент жолаушылар көлігі басқармасының брифингінде айтылды. Басқарма басшысы Мұхтар Қоқанбаев тасымалдаушылар көп шығынға байланысты тарифтерді көтеруді сұрап отырғанын айтты.

"Бүгінде мәслихатқа, әкімдікке тиісті хаттар келіп түсті. "Атамекен" палатасы да тасымалдаушыларды қолдайтынын хабарлады. Біз де талаптарымызды сәйкесінше қоямыз. Біз оқушыларды тегін тасымалдап не тарифті төмендететін шығармыз", - дейді Мұхтар Қоқанбаев.

Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарға, ауған соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мектеп оқушыларына жеңілдік болады. Шымкентте автобуспен жүру ақысы кейінгі рет 2016 жылы көтерілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан