Талғарда ер адамды атқан тұрғын шекарадан өтпек болғанда ұсталды

Талғарда ер адамды атқан тұрғын шекарадан өтпек болғанда ұсталды
Фото: pixabay.com

Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының полиция бөліміне оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - делінген polisia.kz хабарламасында.

1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан