Байқоңырда полицейді өлтірмек болған ер адам ұсталды

Байқоңырда ер адам полицейді өлтірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, оқиға былтыр 5 желтоқсанда болған.  

"Бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған қаскөй 2022 жылдың желтоқсанында "Лемар" кафесіне келіп, жәбірленушіге екі рет оқ атқан. Алайда кафеде отырған адамдардың арқасында оқ тимеген", - делінген ведомство сайтында.  

Одан бөлек, тергеу кезінде ер адам полицейді ел алдында қорлап, былапыт сөздер айтқан. 

"Бүгінде ол қамауда, уақытша қамау изоляторында отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!