Екібастұзда пойыз жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Екібастұзда пойыз жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұздағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін теміржол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш машинисі электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!