Бала тілінің кеш шығуы қалыпты жағдай ма? Логопед түсіндірді

Бала тілінің кеш шығуы қалыпты жағдай ма? Логопед түсіндірді
Фото: Shutterstock

Қоғамда ересек адамның кей әріптерге тілі келмеуі кемшілік емес, керісінше ерекшелігі деген пікір бар. Бұл шынымен солай ма? Баланы кішкентай кезінен барлық дыбысты дұрыс айтуға үйрету керек пе? Бұл туралы логопед маманы түсіндірді, - деп хабарлайды doctorpiter.kz. 

Баланың кей дыбыстарға тілі келмеуінің бірнеше себебі бар

  • Балалар басқаларға еліктеу арқылы сөйлеуді үйренеді, ал қазіргі мультфильмдердің дыбысы көбіне ойдағыдай жақсы деңгейде емес.
  • Ересектер жиі сөйлеуді жеңілдетуге және қысқартуға тырысады - балалар олардан қайталайды.
  • Балалар ым-ишара арқылы сөйлеседі, ал ата-аналар оларды түсінеді. Бұл нәрестелерде сөйлеуге деген мотивацияның төмендеуіне әкеледі - және дыбысты дұрыс айту нормалары бұзылады.
  • Екі тілде сөйлейтін балалардың саны артып келеді, бұл әр тілдің тілдік жүйелерінің аралысып кетуіне әкеледі.

Негізінде, балалардың кей дыбысты қате айтуы өсе келе өздігінен жойылып кетуі мүмкін. Логопедтің айтуынша, 4,5 жаста "Р" әрпін "Л" әрпіне ауыстыруы жас ерекшелігіне байланысты және баланың тілі кейін өздігінен дұрыс қалыптасуы мүмкін.

"Ми - адам ағзасындағы негізгі орган. Сөйлеу бұзылыстары оның жұмысына әсер ете алмайды, бірақ олар материалды меңгеруде, қарым-қатынаста және тұлғаны қалыптастыруда қиындықтар тудыруы мүмкін", - деп түсіндіреді Анастасия Новикова.

Маманның айтуынша, егер балаларда дұрыс сөйлеу мен арнайы фонематикалық есту бұзылса, бұл ауызша қарым-қатынасқа, жазудағы грамматикалық қателерге әкелуі мүмкін. Әрине, бұл оқуға және құрдастарымен, мұғалімдермен өзара әрекеттесуге әсер етеді.

"Мәселе шешілмесе, сөйлеу бұзылыстары есейгенге дейін сақталады, адамда өзіне сенімсіздік, көпшілік алдында сөйлеуден қорқу, кәсіби салада өзін дамытуда қиындықтар туындауы мүмкін", - дейді Анастасия Новикова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек