Көлік астында қалған сөмке семейліктерді шошытты

Көлік астында қалған сөмке семейліктерді шошытты
Фото: Polisia.kz

Көлік астында қалған сөмке семейліктерді шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда сағат 21:30-да болған. Абай облысы ПД ЖБО-ға Әуезов даңғылындағы Ардагер дүкенінің жанында иесі белгісіз сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметтік иттің көмегімен күдікті сөмкеде жарылғыш заттың бар-жоғын тексерді.

Тексеру нәтижелері бойынша сөмкенің қауіпсіз екені анықталды. Оның ішінде спорттық керек-жарақтар болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина