​Атыраулық дәрігерлер әйелдің жатырынан 8 келі миоманы алып тастады

​Атыраулық дәрігерлер әйелдің жатырынан 8 келі миоманы алып тастады
Фото: Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

23 қаңтарда Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері пациенттен 8 келі жатыр миомасын (жатыр қабырғасынан дамитын, көбінесе бұлшықеттік тіннен тұратын қатерсіз ісік) алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, 53 жастағы науқас қабылдау бөліміне барғанда іші ауырып, жүрегі айнып, құсып, әлсіреп, басы айналып және қан кетіп жатқанын айтып шағымданған. Дәрігерлер толыққанды тексеру жасаған соң "Жатырдың алып миомасы. Түйіндік некроз, орта деңгейдегі анемия" деген диагноз қойған.

Сәтті операцияны облыстық аурухананың гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенова, дәрігер-гинекологтар Іңкәр Оңдасынова және Мақсат Туғанбаев жасаған. Қазіргі уақытта науқас ем қабылдап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан