Президент бірнеше Сенат депутатын тағайындады

Президент бірнеше Сенат депутатын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше Сенат депутатын тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина