Тоқаев Сенаттағы бірнеше депутаттың өкілетін тоқтатты

Тоқаев Сенаттағы бірнеше депутаттың өкілетін тоқтатты
Фото: Tengrinews.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенаттағы бірнеше депутаттың өкілеті  тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;

Владимир Васильевич Волковтың;

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;

Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;

Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;

Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;

Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;

Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек