Ұлыбританияда адамдар өздерін шошқа секілді сезінуі үшін ақша төлейтіні рас па?

Танымал Telegram-арналардың бірінде Ұлыбританияда адамдар өздерін шошқа секілді сезінетін әлемдегі алғашқы спа-салон ашылғаны туралы ақпарат пайда болды. Мұнда келушілер балшықта жатып, науадан тамақтанғаны үшін ақша төлейді екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Ерекше спа-салон туралы ақпаратқа қоса, балшықта жатқан шошқаның киімін киген адамдардың видеосы жарияланған. Сондай-ақ, мұндай "демалыстың" құны 1 200 фунт стерлинг екені жазылған. Бұл - шамамен 688 мың теңгеге тең.

Видео ұлыбританиялық Channel4 Comedy телеарнасының YouYube-парақшасынан алынған. Видеоның жазбасы мен пікірлерге қарап, бұл ойын-сауық емес, әзіл сюжет деген ой туады. Арнаның сипаттамасында оның комедия бағытындағы әрі "YouTube-тегі ең күлкілі" арна екені айтылған. Желіде адамдар өздерін шошқадай ұстайтын спа туралы ақпарат жоқ. Тараған ақпарат - Қазнетте ұсынылып отырған әзіл.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!