Димаш Құдайберген Түркияда жеке концерт өткізеді

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концерт өткізеді

Әнші Димаш Құдайберген Түркияда жеке концерт өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. "DimashAli" шығармашылық орталығының мәліметінше, концерт 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтеді.

Билеттердің сатылымы dimashali.com сайтында 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталды.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина