Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы құтқарды

Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы құтқарды

Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласының ине жұтып қойғанын айтып анасы келген.

"Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетіп, кейін екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антраль бөлігінде екені анықталып, бір ине алынған. Науқас Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында", - дейді балалар ауруханасының дәрігерлері.

Нәтижесінде бір ине өз бетімен шыққан. Бірақ іштегі басқа ине шықпаған.

"Кейінірек R-граммасын бақылау кезінде құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде тағы екі ине және жамбасында бір ине табылды. Қайталап ЭФГДС жасалып, ине алынды", - дейді жоғары санатты хирург Сейдахмет Чинибеков.

Алайда баланы қайта қарау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас бөлігінде төртінші ине табылған.

"Колоноскопия жасалып, соңғы инені сигма тәрізді ішектен алып, ұшымен ішектің шырышты қабығына бекітті. Қазір баланың жағдайы қалыпты, ол үйге шығарылды", - дейді дәрігерлер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек