Ақтөбе облысында газ жарылды: зардап шеккендер бар

Ақтөбе облысында газ жарылды: зардап шеккендер бар
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ақтөбе облысындағы Маржанбұлақ ауылында газ жарылды. Төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Тұрғын үйде газ жарылғаны туралы ақпарат 23 қаңтарда сағат 17.40-та түскен. 

"Тұрғын үйде табиғи газ жарылып, үйдің қабырғасы мен шатыры қираған. Салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Олардың жағдайы бірқалыпты, әртүрлі деңгейде күйіп қалған", - дейді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері. 

Айта кетейік, бұл өңірде осымен болып жатқан екінші жағдай. 21 қаңтарда Ырғыз ауданындағы Нұра ауылында табиғи газ жарылған. Үйдің қабырғасы қирап, өрт шығып кеткен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина