Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, 46 адам коронавирус жұқтырып, 1 адам қайтыс болды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салайық, бұған дейін коронавирустан адам өлімі 20 қаңтарда тіркелген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина