"Масқара ғой". КВН ойыншысы кептеліс туралы терме орындады

"Спарта" КВН командасының капитаны ретінде танылған қазақстандық КВН ойыншысы Данияр Жұмаділов жолдағы кептеліске ашуланып, терме орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Данияр көлікте отырып, "Масқара ғой мынау, масқара" деп, домбыраны қолына алады.

"Я понимаю, когда утром пробки, я понимаю, когда вечером пробки, но я не понимаю, как возможны днем пробки. ("Таңертең кептеліс болса, түсінер ем, кешке кептеліс болса, түсінер ем, бірақ күндіз қалай кептеліс болатынын түсіне алмаймын". - орыс тілінен аударғанда)

По ходу, все на обед идет. Слушайте, ребята, так не пойдет. Әйелдеріңді попросите, чтобы тамақты өзіңмен бірге контейнерға салып алсын ("Шамасы бәрі түскі ас ішуге бара жатыр. Жігіттер, бұлай болмайды. Әйелдеріңе тамақты өзіңмен бірге контейнерге салып берсін деп өтініш айтыңдар".  - орыс тілінен аударғанда), - деп әндетті Данияр домбыраның сүйемелдеуімен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Данияр Джумадилов (@daniyar_dzhumadilov)

Желі қолданушылары бұл видеоға "Маған да әйел керек контейнерге тамақ салып жіберетін", "Қостанайға келіңіздер, бізде кептеліс жоқ", "Сол үшін бәрің күндіз ай жұмыстан шықпай отырыңдар ей ей ей еееей халау лилоу гигок айхай айдайау аааай", "Оқушыларды мектептен аламыыыз…сосын үйге апарамыыыз…әрі қарай еден жуамыз…ей-ей-ей!!!" деп әзілдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!