Тұман, жаяу бұрқасын, жел. Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тұман, жаяу бұрқасын, жел. Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

Қазақстанның 6 өңірінде тұман, жаяу бұрқасын, желге байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан