Студенттер проблемасы: елімізде жатақхана құрылысы айтарлықтай азайған

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы 82 жатақхана пайдалануға берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ranking.kz-тің хабарына қарағанда, пайдалануға берілген жатақхананың жалпы ауданы бірден 65% қысқарып, 72,9 мың шаршы метр болды. Жатақханалардың пайдалы ауданы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды. (60,4% азайған). Жаңа ғимараттардың кубатурасы (құрылыс көлемі) де төмендеді – 763,4 мың куб метрден 234,7 мың куб метрге дейін қысқарды.

Құрылыстың нақты құны бір жыл бұрынғы 53,5 млрд теңгенің орнына 11 млрд теңге болды. Құндық көрсеткіші бір жылда бірден 79,5% азайды.

Республика бойынша пайдалануға берілген 43 жатақхананың 25-і ауылдық жерде және олардың жалпы ауданы – 19,5 мың шаршы метр.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!