"Балқаш жылу" қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

"Балқаш жылу" қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор
Фото: © elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы жылу желілері" ЖШС және "Балқаш жылу" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме  жасап. 

"АлТС" ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді (ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы).

"Балқаш жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карта шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден аса ұрлық жасады деген күдікке ілінді (ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден аса сомаға қарызы болған.

Екі дерек бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындады, соған байланысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру аясында неғұрлым проблемалы және жемқорлыққа бейім салаларды анықтауды жалғастырып жатыр. Жылумен жабдықтау - ел өңірлеріндегі өткір әлеуметтік проблемалардың бірі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек