87 елде анықталды - Министрлік коронавирустың жаңа түрі туралы

87 елде анықталды - Министрлік коронавирустың жаңа түрі туралы
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Коронавирустың "кракен" атты жаңа нұсқасы 87 елде анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлемде "омикрон" нұсқасының жаңа түрі пайда болды. Бұл - "кракен". Бүгінде ол әлемнің 87 елінде анықталды. Зерттеудің кейінгі қорытындысы бойынша республикамызда ол табылған жоқ", - деді Есмағамбетова ОСК отырысында.

Оның айтуынша, эпидемиология маусымы басталғаннан бері Қазақстанда ЖРВИ-дің 2 миллион 900-ге жуық жағдайы тіркелген. Былтырмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген.

Айта кетейік, Ресейде "кракен" жаңа нұсқасы анықталған еді.

Еске салайық, бұған дейін де министрлік өкілдері Қазақстанда "кракен" анықталмағанын мәлімдеген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова