БҚО тұрғыны үсіп қалған башпайларымен бір ай бойы жүрген

Батыс Қазақстан облысында ер адамның екі башпайы үсіп қалған. Дәрігерлер ер адамның екі башпайын кесіп тастауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 22 қаңтарда Казталов аудандық ауруханасында 25 жастағы тұрғынға операция жасалған. Ер адамның сол аяғындағы екі башпайы үсіп қалған. Оның сөзінше, оның башпайлары бір ай бұрын үсіп қалған. Алайда ол дәрігерге қаралуға асықпаған. 

Салдарынан 25 жастағы тұрғынның екі башпайын да кесіп тастауға тура келген.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!