Бүкіл Пәкістан жарықсыз қалды

Бүкіл Пәкістанда электр қуатынан ақау шықты. Бұл туралы елдің Энергетика министрлігі Twitter-де мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30 шамасында 231 миллионнан аса халқы бар елде электр қуатынан ақау шыққан.

"Алғашқы деректерге сәйкес, Ұлттық желінің жүйелік жиілігі бүгін таңертең сағат 7:34-те төмендеді. Бұл электр желісіндегі кең ауқымды ақауға әкеп соқты", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика министрлігі Исламабад пен Пешавардағы бірнеше желілік станцияда электр желісіндегі ақау қалпына келтірілгенін хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!