Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 24-26 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, солтүстік-батыс антициклоны ауа райына әсер етеді. Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

"Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты боран аралас қар жауып, жел күшейеді деп күтіліп отыр. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түседі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова