Желіде танымал стюардесса жолаушылар қоятын ерекше сұрақтарды атады

Желіде танымал стюардесса жолаушылар қоятын ерекше сұрақтарды атады
Фото: ©Pixabay

Блогының арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған бразилиялық стюардесса Джессика Лайонс жолаушылар қоятын ерекше сұрақтарды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz DailyStar сайтына сілтеме жасап. 

Стюардессаның сөзінше, мұндай "ерекше" сұрақтарға қосымша тамақ пен ұшқыштың кабинасын көргісі келетін өтініштер кірмейді. Джессика экипажды қандай сұрақтар күлдіретінін айтты.

"Адамдар менен "Терезені қалай ашуға болады?", "Баламның сүтін жылытып бере аласыз ба?", "Кәмпит сатып алуға бола ма?", "Қайда темекі шегуге болады?", "Жеке жуынатын бөлме немесе дәретхана бар ма" деп сұрайды" - деді ол.

Лайонс ұшақтар әдетте жеке ванна бөлмелерімен жабдықталмайтынын, терезелердің ашылуы кабинаның қысымын төмендететінін және лайнерде от жағу қауіпсіздік ережелеріне қайшы келетінін түсіндірді. Стюардессаның айтуынша, ұшақта темекі шегуге болмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова