Сот әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

Сот әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: Наиль Ахметзакиров. Фото:academy-gp.kz

Наиль Ахметзакиров сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Наиль Ахметзакиров 1983 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Зырян (қазіргі Алтай) қаласында дүниеге келген.

Бұған дейін Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппараты) басшысы қызметін атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова