Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды. Оқиға 22 қаңтарда сағат 16:35 шамасында КамАЗ автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі "Молодежная" шахтасы тарапынан өндірістік технологиялық трассамен жүріп келе жатып, Хромтау қаласы бағытында ролді басқара алмай, көлікті аударып алған.

Автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болған жоқ.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалыс ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!