Қызылорда облысында спорт клубының маңында болған төбелес видеоға түсіп қалды

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында белгісіз біреулер төбелес шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, оқиға 22 қаңтарда сағат 19:30-да болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес бірден тоқтатылған. Полиция бөліміне 8 ер адам жеткізілген.

Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!