Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым уақыты ұзартылды

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым уақыты ұзартылды

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым 6 айға ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойды. Құжат ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова