Калифорнияда әлемдегі ең үлкен пицца дайындалды

Калифорнияда әлемдегі ең үлкен пицца дайындалды
Фото: farfor

Калифорнияда әлемдегі ең үлкен пицца дайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Тағам Гиннестің рекордтар кітабына енді. 1300 шаршы метрлік пицца алты тонна қамырдан, төрт тонна ірімшіктен және екі тонна соустан жасалған. Оны пісіру үшін үстіне жылыту шамдарының үлкен қондырғысы қойылды.

Рекорд ресми түрде тіркелгеннен кейін тағам жергілікті азық-түлік банктеріне берілді. Еске салайық, бұған дейінгі рекорд итальяндық "Оттавиа" пиццасына тиесілі. Оны 2012 жылы глютенсіз қамырдан дайындаған, ауданы 1200 шаршы метр.

Т. Раушанұлы