Алматылық өрт сөндірушінің отбасында үшем дүниеге келді

Алматылық өрт сөндірушінің отбасында үшем дүниеге келді

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Еламан Дәуеновтың жас отбасында Әмірхан, Әлихан және Аяла есімді үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл - Алматы қаласы ТЖД Өртке қарсы қызмет гарнизоны үшін қуанышты жағдай. Әріптесіне қолдау көрсету үшін сәбилерді шығарып алу рәсіміне №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі екінші қарауылының жеке құрамы және өрт сөндіру қызметі басқармасының басшылығы барды.

Жас әке атанған 26 жастағы Дәуенов Еламан Қамбарұлы мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жыл қызмет етіп келеді.

ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова