Депутаттардың кезектен тыс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілді

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жеті саяси партияға рұқсат берді - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сайлауға мына партиялар қатысады:

- Amanat партиясы;
- "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы;
- Respublica партиясы;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
- Қазақстан халық партиясы.

Айта кетейік, тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!