Тараздың базарындағы өрт: құтқарушыны электр тоғы соққан

Тараздың базарындағы өрт: құтқарушыны электр тоғы соққан
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Тараздағы "Ақсай" базарындағы өрт кезінде 24 жастағы құтқарушы электр тоғы соққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тараздағы "Ақсай" сауда орнында шыққан өрт кезінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты 1998 жылы туылған Нұрболат Қонақбайды аталған өртке оранған ғимарат маңында үзілген электр сымынан шыққан электр тоғы соққан. Бұл өрт сөндіру жұмыстарына кірісуге дайындалып жатқанда болды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қызметкердің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске салайық, бүгін, 20 қаңтарда түстен кейін Тараздағы "Ақсай" базарында екі қабатты ғимарат өртенді. Өрт екі қабатты ғимараттың шатыры мен екінші қабатын шарпыған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан