Астанада лифтіде сүйіскен екі ер кісінің видеосына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада лифтіде сүйіскен екі ер кісінің видеосына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Астана полиция департаменті Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Астананың полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтіде болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысы бар екені туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқаныдарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Желіде лифтіде сүйісіп тұрған екі ер кісінің видеосы тарады. Онда екеуінің Энергетика министрлігінің қызметкерлері екені айтылды.

Тележүргізуші, журналист, кәсіпкер Динара Сәтжан лифтіде сүйісіп тұрған ер адамдарды қолдап, жазба жариялады. Ол бұл видеоны таратқан адамды айыптайтынын жазған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан